Атырау, 22 желтоқсан 19:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Аяз, көктайғақ, жел: сейсенбі күнгі ауа райы болжамы қандай

525 рет қаралды
Фото: freepik.com

Синоптиктер 13 ақпанда арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклонның жотасы әсерін тигізеді, соған байланысты жауын-шашынсы ауа райы бақыланады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Тек еліміздің батыс, солтүстік-батыс, және оңтүстік-шығыс аудандарында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын (қар, жаңбыр) түрінде, бұрқасын, көктайғақ болады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, қатты боран соғып, бұрқасын болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -21...-23°C, күндіз -8...-10°C болвды.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз +1...+3°C.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +13…+15°C.

13 ақпан 2024, 07:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.