Атырау, 25 қыркүйек 00:23
 бұлттыВ Атырау +17
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады

466 просмотра
Фото: Akorda.kz

Асайын Байханов Мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы аймақтағы әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған жұмыстарды тізіп шықты:

  • облыс экономикасына 965 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп;
  • жолаушылар тасымалы секторында 31 пайыз, машина жасау ісінде 13 пайыз, құрылыс саласында 8 пайыз өсім байқалады;
  • 73 шақырымнан астам жылумен қамту желісіне реконструкциялау жұмыстары жүргізілген;
  • Екібастұз жылу электр орталығындағы барлық 10 қазандық агрегат жөнделген;
  • техникалық суға арналған 11 шақырым жаңа құбыр тартылып, 5,4 шақырым магистральды жылумен қамту желісіне реконструкция жасалған;
  • облыстағы ауылдарда үш заманауи мектептің салынуы апатты жағдайдағы мектептерге қатысты мәселені шешуге мүмкіндік берген. Өңірде 54 білім беру ұйымы толықтай жаңғыртылған;
  • екі жыл ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 30 жаңа медициналық нысан салынады;
  • облыста қоғамдық көлік жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары басталған. Былтыр қалалық автобус паркі 130 жаңа автобуспен толықтырылған. Сондай-ақ 722 шақырым автожол жөнделген;
  • былтыр 37 мыңнан астам халқы бар 44 ауылға жаңа су құбыры тартылған. Осылайша, облыстағы ауыл тұрғындарының 98 пайызына таза ауызсу жеткізілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне Ертіс өңірін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

12 ақпан, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.