Атырау, 26 маусым 23:56
 дождьВ Атырау +25.3
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41

Алматы облысында қару бар 3 жасырын орынды анықтады

546 рет қаралды

Алматы облысында қаруы бар 3 жасырын орынды анықтады, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

"2024 жылғы 6 – 9 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары шеңберінде Алматы облысында қаруы бар 3 жасырын орынды анықтады.

4 Калашников автоматы мен оған 3 оқжатар, Макаров тапаншасы, карабин, аңшы мылтығы, сондай-ақ әртүрлі калибрдегі 65 патрон алынды.

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған", деп хабарлады ҰҚК.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. 

12 ақпан 2024, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.