Атырау, 30 сәуір 20:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

Қазақстанда киікті ату тоқтатылды

294 просмотра
Фото: WIKIPEDIA

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда киіктерді ату тоқтатылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Отандық ғалымдар және халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталас жүргізгеннен кейін киіктерді ату тоқтатылды. Сонымен қатар, қыс мезгілі - далада жүру қиындай түсті. Сондықтан 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеу процесін тоқтаттық. Былтырғы төлдеуді есепке ала отырып, биыл мамырда мұқият егжей-тегжейлі есепке алу жүргізілді", - деді Нысанбаев Мәжіліс кулуарында.

Министр киік саны тағы 40 пайызға артады деп болжап отыр.

Шенеунік 10 ақпаннан кейін киіктерді ату заңсыз деп есептелетінін айтты. Олардың популяциясын реттеу бойынша жұмыс келесі жылы жүргізіледі.

12 ақпан, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.