Атырау, 26 маусым 23:56
 дождьВ Атырау +25.3
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41

Қазақстанның батысы мен солтүстігінде -32 градусқа дейін аяз тұрады дейді синоптиктер

683 рет қаралды

Қазгидромет 13-15 ақпанға арналған ауа-райы болжамын жариялады.

13-14 ақпанда фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады

"Солтүстік өңірлерде қатты қар жауады, бұрқасын, көктайғақ құбылыстары күтіледі, сондай-ақ ауа температурасы батыста 5 аяз -5 жылыға дейін, солтүстік, орталық шығыс өңірлерде 5 аяз-2 жылыға дейін жоғарылайды. 15 ақпанда циклон Қазақстан аумағынан жылжып, оның соңынан арктикалық антициклон енеді, ол аязды республиканың солтүстік жартысына қайтарады.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде 15 ақпанда ауа температурасы түнде 22-32, күндіз 15-27 аязға дейін төмендейді деп күтілуде. Еліміздің қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді", - деп хабарлайды синоптиктер. 

12 ақпан 2024, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.