Атырау, 30 сәуір 19:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

​«Қазкоммерцбанк» АҚ-на қатысты қылмыстық іс​: 44,5 млрд теңге болатын жер учаскелері мен автокөлік құралдары тіркіленді

325 просмотра

Ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша «Қазкоммерцбанк» АҚ-на қатысты қылмыстық іс бойынша  жалпы сомасы 44,5 млрд теңге болатын ауданы 300 гектарға жуық жер учаскелері мен автокөлік құралдары тәркіленді, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

"ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша «Қазкоммерцбанк» АҚ-на қатысты қылмыстық іс шеңберінде параллельді қаржылық тергеу жүргізіп, сотқа дейінгі тәркілеу рәсімін жүзеге асырды. 

Соттың санкциясымен күдіктілердің жалпы сомасы 44,5 млрд теңге болатын ауданы 300 гектарға жуық жер учаскелері мен автокөлік құралдары қамауға алынды.

Келтірілген залалды өтеу мақсатында ҚР ҚПК 667, 668-баптарының тәртібімен іздеуге жарияланған тұлғаларға қатысты қылмыстық жолмен өндірілген мүлікті сотқа дейінгі тәркілеу көзделген.

Сот шешімімен мүлік Алматы қаласы әкімдігінің балансына қою арқылы мемлекет кірісіне айналдырылды.

Қазіргі уақытта аталған активтер мемлекет меншігіне берілді, ал тәркіленуге жататын өзге де мүлікті іздеу жалғасуда".

12 ақпан, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.