Атырау, 23 қараша 17:36
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құлсарыдағы жанжал оқушының өлімімен аяқталды

867 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Қаңтардың 18-нен 19-на қараған түнде Жылыой ауданы Құлсары қаласында жастар арасында өзара келіспеушілік болып, соңы мектеп оқушысының өлімімен аяқталды.  

Оқиға қаланың сырт жағында болған. Түнгі сойқанда біраз жастардың арасында мектеп оқушылары да бар болып шықты. Жанжал кезінде М. Сатыбалдиев атындағы орта мектептің 2006 жылы туған, 11-сынып оқушысы пышақ жарақатынан ауруханаға жетпей қайтыс болған.

Жалпы бұдан бөлек 2006-2007 жылы туған екі бала түрлі дене жарақатын алған. Тағы бірнеше жарақат алғандар аудандық ауруханаға жеткізілді.

Осы қылмысқа қатысты күдіктіні полиция көп ұзатпай ұстаған. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 қаңтар, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.