Атырау, 27 желтоқсан 05:47
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Атырау Габонға айналмасын деп...

1 818 просмотра

Бұған дейін хабарлағанымыздай («АЖ», 25.04.13 ж., №17, «Бұл ағылшындарға тән емес» мақаласы), 1 маусымнан бастап NCPOC компаниясының басқарушы директоры ауысады. Ханс БАККЕРДІҢ орнына «Шелл» компаниясының  басқа топ-менеджері Ариан ван ДЕЙК (Arjan van Dijk) келеді.

Ханс БАККЕРХанс БАККЕР- 1 маусымнан бастап мен басқарушы директор лауазымынан кетемін. Бұл қызықты да толғанысты бес жыл болды. Мен осы Атыраудағыдай еш жерде ұзақ жұмыс жасамаппын. Солтүстік Каспий жобасының қалай дамығанын, аяққа тұрғанын өз көзіммен көрдім. Мұнай өндірер алдында онымен қоштасуым көңілге қаяу түсіріп тұр, - деді Ханс Баккер Атырау облысы әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВПЕН кездесуінде.

Баккер жобаны жүзеге асыру кезінде қиындықтар болғанын да жасырмады:

- Алайда, бұл қиындықтар жақын арада ұмытылады деп ойлаймын. Тек консорциум акционерлерінің пайдасы үшін ғана емес, бүкіл Қазақстанның мүддесі үшін мұнай өндіру басталады.

Ариан ван ДЕЙКАриан ван ДЕЙКСол кездесуде жаңа басшы Ариан ван Дейк Қашағанда мұнай өндіруді бастауға дайындық жоспар бойынша өтіп жатыр деп атап өтті. Бірақ барлық қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін уақыт керек.

Естеріңізге салсақ, біздің ақпарат көздеріміздің хабарлауынша, NCPOC басқарушы директорын «алғашқы мұнай» қарсаңында ауыстыруға Баккердің басқа агент-компаниялармен және жоба операторы NCOC-пен, сондай-ақ мұнай және газ министрлігімен тіл табыса алмауы себеп болған.

Ол бұдан бес жыл бұрын Қазақстанға Royal Dutch Shell Plc компаниясы мен Габон үкіметінің біріккен кәсіпорны - Shell Габонның бас директоры лауазымынан ауысып келген еді. 2008 жылғы наурызда компания жұмысы жергілікті мұнай өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіподағы ұйымдастырған көп күндік ереуілдерімен тоқтап қалған болатын. Ереуілшілер Ханс Баккердің жұмыстан кетуін талап етіп, бірқатар әлеуметтік талаптар қойды. Нәтижесінде компания олардың ультиматумдарын орындауға мәжбүр болып, 30 млрд франк шығынға ұшыраған.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

23 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.