Атырау, 27 желтоқсан 06:14
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Бұл ағылшындарға тән емес

2 974 просмотра

Солтүстік-Каспий жобасының D аралындағы кезекті еңбек дауы. Бұл жолы Ұлыбритания азаматтарының арасында наразылық бой көрсетті. Олар өздерінің екі жерлестерінің жұмыстан босатылғанына келіспеді.

БӘРІ ОРАЛМАДЫ

«Аджип ҚКО» – Қашағандағы ірі теңіз мұнай кенішін тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруге жауапты итальяндық компания, үстіміздегі жылы наурыздың аяғында нашар жұмыс істеді деп екі британдықты жұмыстан шығарып жіберген. Ал 14 сәуірде Аджип ҚКО-ның 89 маманы жұмыстан босатылған жерлестеріне ниеттестік белгісі ретінде жұмысқа шығудан бас тартып, тікұшақпен Атырауға жіберілді.

НКОК-тың сыртқы байланыс жөніндегі менеджері Ханс ВЕНКбұл фактіні растады, бірақ даудың аяқталғандығына сендірді:

– Атыраудағы өз кадрлық агенттіктерімен кездескеннен кейін көпшілігі өз жұмыс орындарына оралуға рұқсат алу үшін Аджип ҚКО-ға барды, олардың өтініштері қабылданды. 17 сәуірде олар D аралына оралды.

Жауаптан жұмыс орындарына олардың бәрі оралмағаны мәлім болды. Қандай нақты әбестігі үшін әлгі екі британдықтың жұмыстан қуылғаны және наразылық акциясы олардың бұрынғы өз жұмыс орындарына қайта келуімен аяқталды ма, анық емес. Біздің осы сұрақтарымыз қасақана еленбегені анық.

 

ТЕРБЕЛМЕ МАМАНДАРЫ

Бір қызығы, алғашқы мұнайды өндіру және алдағы қысқартулар туралы әңгімелер жүріп жатса да, Аджип кадрлар іріктеуді жалғастыруда. Және жұмыспен қамту органдарына құрлықтағы және теңіздегі тек жетекшілік ұстанымдарға ғана сұраныс жіберіледі. Мәселен, өнеркәсіп тобының жетекшісі, жоба менеджері, инженерлік коммуникациялар бойынша супервайзерлер, бұрғылау және іске қосу-реттеу инженерлері және т.б. сұранысқа ие. Бұл жобадағы жұмыс мөлшері әлі де көп дегенді білдіре ме? Екі кешенде басшылық мұқият жасырған ақаулар мен кемшіліктер туралы әңгімелер көп. Тіпті, Қашағандағы алғашқы өндірілген мұнайды айыру жөніндегі тарихи салтанатты ресім үшін Теңіз мұнайы құйылған цистерналарды «Болашақ» зауытына айдап әкеледі деген әзіл де пайда болды.

Бұл қақтығыстың себебіне келер болсақ, Қашағандағы итальяндық басшылық пен британдықтар арасындағы қарым-қатынастың қиындығы бесенеден белгілі. Британдықтар, олардың көзқарасынша, итальяндықтардың жұмыста өте қызбалығын, тәкаппарлығын және дөрекі қылықтарын жаратпайды. Және мұнымен қатар, итальяндықтардың біліксіздігі жиі байқалады. Біз мұнай саласынан бейхабар шетелдіктер (мәселен, фитнес бойынша итальяндық жаттықтырушы) келген кезде, осы жердегі жобада бөлім басшылары боп шыға келетіндігі туралы жағдайларды әлденеше рет жазған едік.

 

ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН МАҚАЛА

Қашаған жобасын жүзеге асырудағы басты проблемалардың бірі менеджмент жұмысындағы олқылықтар екені әлденеше рет байқалды. Агент-компаниялармен және операторлармен, соның ішінде Аджип пен NCOC, мұнай және министрлігімен, «ҚазМұнайГазбен», тіпті облыстық әкімдікпен ортақ тіл таба алмауы салдарынан NCPOC басқарушы директоры Ханс БАККЕР лауазымымен қош айтысты.

Оның себебі, біздің дереккөздеріміздің пікірінше, ол жұмысты үйлестіріп, стратегиялық жоспарлаумен айналысып, аталмыш мекемелермен қарым-қатынас орнатудың орнына, жұмыс орнындағы еңбек тәртібімен және қауіпсіздікпен көбірек айналысқан. Оның өзі таратқан қоштасу хатында оны басқа елге іссапарға жіберу үшін Шелл компаниясы қабылдаған 5 жылдық мерзімнің аяқталуына байланысты Қазақстаннан кері шақыртып жатқандығын хабарлады. Айтпақшы, басқа жайттардың ішінде Ханс Баккердің Габоннан Қазақстанға шұғыл ауыстырылуы туралы айтылған біздің «Үлкен вахта аяқталды» деген жарияланымымыз оның кері реакциясын туғызған еді. Бұл мақаланы тіпті, әдетте корпоративтік желілерде жасалатындай, таратуға да тыйым салды.

NCPOC-тың жаңа басқарушы директоры болып, Аржан ван ДИЙК (Arjan van Dijk) тағайындалды. Оның Шеллде негізінен мұнай өңдеу саласында 25 жылдық жұмыс өтілі бар. Ол сонымен қатар Қашаған жобасын жүзеге асыруға тартылғандардың барлығымен дұрыс қарым-қатынас орнатуы тиіс. 

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

23 сәуір 2013, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.