Атырау, 23 қараша 09:24
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ-та Boeing 737 MAX 9 лайнерлерінің ұшуына уақытша тыйым салынды

383 просмотра

Азаматтық авиация федералды басқармасы (FAA) жаппай тексеріс аяқталғанша әуекомпанияларға 170-тен аса Boeing 737 Max 9 ұшақтарында жолаушы тасымалдауға тыйым салды. Оған Alaska Airlines әуекомпаниясының ұшағында болған оқыс оқиға түрткі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Авиация басқармасы ұшуға рұқсат бермес бұрын осы үлгідегі ұшақтарды дереу тексерістен өткізуді талап етіп отыр. Мамандардың айтуынша, бір әуекемені толық тексеруге 4-тен 8 сағатқа дейін уақыт кетуі мүмкін.
Алдағы уақытта федералды басқарма жолаушылардың қауіпсіздігін негізге ала отырып, шешім қабылдауды жалғастыратыны белгілі болды. Қазір ведомство Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесіне Alaska Airlines 1282 рейсіне қатысты оқиғаны тергеуге жәрдемдесіп жатыр.

Еске салсақ, 5 қаңтарда Alaska Airlines әуекомпаниясының ұшағы Орегонға шұғыл қонуға мәжбүр болды. Себебі әуеге көтерілгенде ұшақтың терезесі мен фюзеляжі ұшып кеткен.

8 қаңтар, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.