Атырау, 23 қараша 09:06
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сауд Арабиясында мұнай құнының төмендеуіне не себеп болды?

528 просмотра

Сауд Арабиясының Saudi Aramco мемлекеттік компаниясы сұраныстың төмендеуі аясында барлық өңірлерде Arab Light флагмандық маркалы мұнай жеткізілімдерінің ақпан айындағы бағасын төмендетті. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлайды.

Айта кетейік, араб елі барлық аймақтардағы сатып алушылар үшін мұнайдың негізгі бағасын, соның ішінде өзінің негізгі Азия нарығын барреліне 1,5-2 долларға дейін төмендетті. Осыған байланысты, сауд мұнайы Еуропа, Жерорта теңізі және Солтүстік Америка елдері үшін төмен бағамен сатылады.

Мұнай бағасы 2020 жылдан бері алғаш рет 2023 жылы төмендеді. Алайда, осы уақытқа дейін Таяу Шығыстағы оқиғалар нарыққа әсер еткен жоқ. Сондай-ақ, Хусит содырларының Қызыл теңіз арқылы транзитпен жүретін сауда кемелеріне жасаған шабуылдары әзірге жеткізілімдердің үзілуіне әкеліп соқтырған жоқ.

Сонымен қатар, бүгін "Қара алтынның" құны сауданың жетекші экспорттаушысы Сауд Арабиясында бағаның күрт төмендеуі және ОПЕК өндірісінің артуы аясында төмендеді. Бұдан бөлек, бұл Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің күшеюіне қатысты алаңдаушылықтың орнын толтырды.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан мұнай нарығындағы белгісіздік пен құбылмалылықтың алдын алуы мақсатында мұнай өндіруді қысқартуға ниетті.

8 қаңтар, 09:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.