2 қаңтарда сағат 00:30 шамасында Атырауда орталыққа жақын Жайық жағалауында мұз ойылып, қыз бала суға түсіп кеткен.
Кәмелетке толмаған қызды мұздай судан шығарып, құтқару үшін патрульдік полиция батальонының қызметкерлерінің бірі беліне арқан жіп байлап, келесі ұшын судан тартып шығару үшін жағадағы әріптестері ұстап тұрды. Полицейлердің бірлесе қимылдаған ептілігінің нәтижесінде қыз құтқарылып, дәрігерлерге тапсырылды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА