Атырау, 26 қараша 02:44
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Нұрсаядағы тұрғын үй кешенінде шыққан өрт: «Бір апта ішінде бәрін жөндейміз»

1 101 просмотра

Жаңа жыл түнінде отшашудың салдарынан үйі өртке оранған Нұрсаядағы “Family” тұрғын үй кешенінің 20 дан аса тұрғыны бүгін таңертең мердігер кеңсесінің алдына үйдің қасбетін кім жөндейтінін білуге жиналды. Кеше түнде болған оқиға тұрғындар үшін мұндай жағдай қайталануы мүмкін деген қорқынышты ой тудырды, өйткені үйлерінің қасбеті отқа төзімсіз материалдан салынған.

- Үйде демалып жатыр едім. Көршілер өрт болып жатыр деп есік қағып оятты. Далаға шықсақ, іргелес орналасқан №2 блок жанып жатыр екен. Үйдің арты балшық болғандықтан өрт сөндірушілер артқы жаққа шыға алмай, шатырға шығып өшіріп жатты, - дейді тұрғындардың бірі.

Оның айтуынша, өрт толығымен сөнгенше көршілері сыртта тұрған.

Мердігер мекеме “Сартай энерго сервис” компаниясы филиалының директоры Тимур ӨТЕМҰРАТОВТЫҢ айтуынша, өрттің шығуына түнде отшашу атқан тұрғындардың өздері кінәлі екен.

- Қазіргі кезде кімнің отшашу атып зардап келтіргені белгілі. Ол құқық қорғау қызметкерлерінің тергеуінде болғандықтан қай тұрғын екенін айта алмаймыз, сондай ақ от шашу атқан ер адамдар мас күйде болғаны анықталды. Алайда біз істің тергеліп болуын күтіп отырмай, өз қаражатымыздың есебінен бір аптаның ішінде қасбетін қайта қалыпқа келтіріп береміз, - деді Т.Өтеумұратов.

Сондай-ақ директор үйдің қасбеті полифасадпен қапталғанын және оның бұған дейін де 8 жыл бойы қолданыста келе жатқанын, өртке қарсы қабаттары бар екенін айтты.

Жиналған тұрғындар мердігерге үйдің сапасына қатысты, дыбыстардың қатты естілетіні сияқты басқа да шағымдары бар екенін жеткізді. Тұрғындар басқа да тұрмыстық проблемаларға: үй мен мектеп арасында жолдың жоқтығынан балалардың сабаққа балшық кешіп баратыны, қоқыс тастайтын контейнерлердің аздығынан тұрмыстық қалдықтар аулаға қайта ұшып келіп жатқанына шағымданды. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Суретті түсірген автор

1 қаңтар, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.