Атырау, 26 қараша 02:55
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Өткен 2023 жыл хроникасы - егіздердің дүниеге келуі және екі суицид

920 просмотра
"АЖ" мұрағатынан

Атырау перинаталдық орталығының хабарлауынша, 11 желтоқсан мен 20 желтоқсан аралығында Атырау облысында тоғыз егіз дүниеге келді, бұл өңірдегі рекордтық көрсеткіш.

Ал желтоқсан айының 11-20 күндері 9 күн қатарынан 9 егіздің өмірге келуі облыста рекордттық көрсеткіш болып отыр.  Қоян жылында барлығы облыстық перинаталдық орталықта 7863 сәби өмірге келсе, оның 301 егіз.

Жаңа жыл қарсаңында 30 сәби дүние есігін ашқан. Оның 14-і қыз, 16-сы ұл бала. 31 желтоқсанда сағат 15.20-да егіз сәби дүниеге келді.

2023 жылдың соңғы тәулігінде Атырау облыстық жедел жәрдем пультіне 1324 шақырту түсті. 

232 адам ауруханаға жеткізілді. Полицейлердің мәліметінше, бес жол көлік оқиғасы тіркелген, басым көпшілігі жаяу жүргіншілерді қаққан. Сондай-ақ, 12 ұсақ жол-көлік оқиғасы орын алды, шүкір, адам шығыны болған жоқ.

- Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер мас күйде болған, - деді 103 қызметі. – Сондай-ақ осы күні жанжал салдарынан пышақтан жарақат алу жағдайы тіркелді. Зардап шеккендердің барлығы облыстық ауруханаға жеткізілді.

Жаңа жыл түні Атырау полицейлеріне 151 шақырту түсті. Полиция бөліміне отбасы шырқын бұзған 30 адам жеткізілді.

Екі суицид орын алды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

1 қаңтар, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.