Атырау, 26 қыркүйек 02:14
 ашықВ Атырау +16
$ 478.16
€ 534.92
₽ 5.18

Атыраудың құрметті азаматтары марапатталды

1 355 просмотра

Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағын беру шарасы өтті.

Мерекелік шарада аймақ басшысы Серік Шәпкенов қатысушыларды құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына ерекше үлес қосқан алдыңғы аға буын өкілдерінің еңбегін атап өтті.

Карим Бақриденов, Ұзаққкали Елеубаев, Асхат Иманғалиев, Өтепберген Әлімгереев, Амангелді Құлбатыров және Қайырғали Мырзабаевқа өз салаларында мемлекет пен қоғамның дамуына қосқан зор үлесі үшін «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

«Жыл депутаты» номинациясымен Нұрлан Қайырденов, «Жылдың үздік депутаты» номинациясымен Гүлназ Қосмурзиева, «Жылдың белсенді депутаты» номинациясымен Эльмира Сапарова марапатталды.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

28 желтоқсан 2023, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.