26 желтоқсанда сағат 14:27 шамасында Құлсары-Сарқамыс тас жолының 4-шақырымы тұсында ВАЗ 2115 және Lada Largus көліктері соқтығысып, жол апаты орын алды.
Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, ВАЗ 2115 автокөлігінің 1984 ж.т. жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Сондай-ақ, Lada Largus автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі мен 4 жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА