26 желтоқсанда кешке таман Атыраудағы «Салтанат сарайы» мейрамханасы алдында бір топ жас төбелесіп қалды.
Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада кадр сыртындағы дауыс болған оқиғаны баяндай келе, топтың арасындағы бір жігіт пышақ жарақатын алды деп хабарлайды.
Бүгін, 27 желтоқсанда Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құқық бұзушылыққа жол берген барлық тұлғалар анықталып, Атырау қалалық полиция басқармасына жетізілді.
- 2005 жылы туған екі адамның жеңіл жарақат алғаны анықталды. Ал, желіде тараған бейнежазбадағы пышақ жарақатын алды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3 бөлігімен («Бұзақылық») тергеу жұмыстары басталды. Мейрамханада студенттер мен жастарға іс-шара ұйымдастырушы жауапкершілікке тартылады, - деді ПД баспасөз қызметі.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА