ЖРВИ мен қызылша ауруының күрт көбеюіне байланысты науқастарды қала сыртындағы модульді ауруханаға көшірді.
Атырау облыстық ауруханасынан, атап айтқанда, жіті респираторлы вирусты инфекция, жұқпалы ішек аурулары, жүкті әйелдер, пульмонологиялық және кардиологиялық диагноздары бар науқастар көшірілді.
Қазіргі таңда модульді ғимаратта арнайы қабылдау бөлімі және Е, F блоктары іске қосылды. Науқастарға туыстарынан сәлемдеме қабылдау уақыты сағат 10.00-13.00 және 16.00-19.00.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ