Атырау, 4 мамыр 09:24
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Спорт жаңалықтары

1 326 просмотра

Елордада «Аспан» спорт кешенінде жастар мен ұлдар арасында қазақ күресінен «Жас барыс» республикалық турнирі өтті.

Турнир қорытындысы бойынша 90 келіге дейінгі салмақта атыраулық Бекбол Мұқашев 1-орынға ие болды. 60 келіге дейінгі салмақта Жәнібек Нәренов пен 66 келіге дейінгі салмақта Аманқос Ұзақбаев қола жүлдені жеңіп алды.

***

Астанада джиу-джитсудан ҚР чемпионатында үздік спортшылар марапатталды.

Атырау джиу-джитсу федерациясының басшысы Эдуард Исенғалиев жыл бапкері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әйгерім Төреғожина жыл спортшысы атанды. 2 дүркін әлем чемпионы Жеңіс Нұрлыбаев жыл жаңалығы атанды.

***

Бішкекте жасөспірімдер арасында дзюдодан турнир өтті. Атырау облысының спортшылары ерекше көзге түсті.

Турнирден 1 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдені қала іргесіндегі Томарлы ауылының жас дзюдошылар командасы алып келді. Жарыста Марат Салауат, Хамза Мағауия, Мейрамбек Бағытов, Димаш Серікқали және Серік Данил ерекше көзге түсті.

Спортшыларды жастар мен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2011 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы, Азияның екі дүркін чемпионы Наурызбек Майлашев жаттықтырады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 желтоқсан 2023, 18:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.