Атырау, 25 қараша 20:30
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Астрахан трассасындағы жол апатынан 6 адам қаза болды (толықтырылды)

4 886 просмотра

18 мамырда Атырау-Астрахан трассасында орын алған жол-көлік оқиғасы нәтижесінде алты адам қаза болды.

«Lada Priora» мен «Lada Kalina» бетпе бет соғысып қалған. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, оқиға орнында төрт жолаушы қаза болыпты. Бес адам, соның ішінде ауыр зақым алған 1988 және 1985 жылғы екі жүргізуші ауруханаға жатқызылып, ол жерден екі адам көз жұмды. Апаттың орын алу салдарына тергеу жүргізілуде.

Апат шамамен Атырау қаласынан 30 км қашықтықта орын алған. Жол полициясының алдын ала болжамы бойынша, «Лада-Калина» жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен.

Тағы бір зардап шеккен жолаушы туралы белгілі болды. Ол әуел бастан Аққыстау поселкесіндегі аудандық ауруханаға жеткізілген бір жасар сәби болатын. Аудандық аурухана хирургы Ризабек ТХАИРОВТЫҢ айтуынша, сәби бас миының жарақатымен түскен. Онымен бірге анасы болмаған. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақталып, оны Атырау қаласындағы облыстық балалар ауруханасына ауыстырды.

Облыстық аурухананың бас дәрігері Мұрат ҚҰЛБАСОВТЫҢ айтуынша, ауруханаға түскен ер адамдардың бірі жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр екен. Жамбасы, қабырғалары, жіліншіктері сынып, миы шайқалған, өкпесі зақымданған. «Есеңгіреу халінен алып шықтық, - дейді М. Құлбасов. – Бірақ болжам жасауға ерте. Сол апаттан зардап шеккен тағы екі адам түрлі деңгейдегі сынықтармен травматологиялық бөлімшеде жатыр».

Қазіргі уақытта алты адамның екеуі туралы нақты мәлімет белгілі болды: олар 1951 және 1957 жылғы әйел адамдар. Қалған құрбандардың жеке бастары анықталуда.

Анастасия ПАСТУХОВА

19 мамыр 2013, 21:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.