Атырау, 26 қараша 03:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Сарапшылар “Ливерпуль” мен “Арсенал” бір-біріне көптеп гол жаудырады деген ойда.

994 просмотра

Жұма күні кешке Англияда чемпионаттың ең жарқын екі командасы - "Ливерпуль" мен "Арсеналдың" матчы өтеді деп күтілуде. Бұл ойыннан не күтуге болады?

 23 желтоқсан, 23:30 Астана уақыты бойынша

"Энфилд", Ливерпуль

 “Ливерпуль”

 Юрген Клопптың командасы белестерді бағындыруға сақадай дайын. Алдыңғы қиыншылыққа толы маусымнан кейін "Ливерпуль" АПЛ-дың титулына үміткерлер қатарына қайта оралды. Егер өткен турда "Юнайтедпен" өткен текетірестегі нөлдер болмаса, дәл қазір "қызылдар" көш бастап тұрар еді. Бірақ онсыз да нәтижелері әсерлі: "Ливерпуль"-дің АПЛ-дағы жалғыз жеңілісі жетінші турда "Тоттенхэмнен"  қате төрешілік етудің салдарынан болды. Сонымен қатар," қызылдар" "Арсеналмен " қатар лигада өткізіп алған доптар бойынша ең жақсы статистикаға ие, барлығы 15 гол. Тіпті мықтылар қатарындағы "Арсеналмен" матчта сарапшылар "Ливерпуль"-ді үлкен артықшылықпен болмаса да, фаворит деп санайды — команданың жеңіске жету коэффициенті 2.44-ті құрайды.

 "Ливерпульдің" соңғы 5 матчы (3-1-1, 10-4

 Ағылшын лигасының Кубогы. "Ливерпуль" - "Вест Хэм" 5:1

АПЛ. "Ливерпуль" - "Манчестер Юнайтед" 0: 0

ЕЛ. "Юнион Сен-Жиллуа" - "Ливерпуль" 2:1

АПЛ. "Кристал Пэлас" - "Ливерпуль" 1:2

АПЛ. "Шеффилд Юнайтед" - "Ливерпуль" 0: 2

 “Арсенал”

 Тағдыр Мишель Артета мен оның командасына өткен жылы жіберіп алған чемпиондық үшін күресуге екінші мүмкіндік береді. Әзірге "Арсенал" бұл мүмкіндікті барынша пайдаланып отыр: "канонирлер" АПЛ-да көш бастап, мықты ойын көрсетуде. Ең бастысы, барлық маңызды ойыншылар, тіпті маусымның басында "Арсеналға" судай сіңе алмай жүрген Кай Хавертц те жақсы жақсы дайындықта. Ал Букайо Сака мен Эдди Нкетияны тамашалаудың өзі  бір ләззат: аталған жұп жалпы 10 гол соққан. Бұл жігіттер" Ливерпульге" сес бермейтіні анық, "Арсенал" жеңілмейді" нәтижесінің коэффициенті - 1.60.

 "Арсеналдың" соңғы 5 матчы (3-1-1, 9-6)

 АПЛ. “Арсенал” - “Брайтон” 2:0

ЧЛ. ПСВ - “Арсенал” 1:1

АПЛ. “Астон Вилла” - “Арсенал” 1:0

АПЛ. “Лутон Таун” - “Арсенал” 3:4

АПЛ. “Арсенал” - “Вулверхэмптон” 2:1

 Болжам

 Командалар шабуыл жасауды жақсы көреді және біледі, олар жанкүйерлер ішін пыстырмайтыны анық. Сондықтан 1.60 коэффициентімен бағаланған "екеуі де гол соғады" нұсқасы тартымды көрінеді.

21 желтоқсан 2023, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған