Болған оқиға туралы полиция пультіне 1986 ж.т. әйел хабарлады: 20 желтоқсан күні кешкі сағат жетілер шамасында анасы азаматтық некедегі күйеуінің ішіне ас үй пышағымен жарақат салған.
Оқиға орнына жеткен полицейлер отбасылық жанжал нәтижесінде 1966 ж.т. әйел адамның 1996 ж.т. күйеу баласын ас үй пышағымен жарақаттағанын анықтады. Соның салдарынан ер адам қаза тапқан.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен («Адам өлтіру») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бұл отбасында бұрын да отбасылық жанжал орын алып, марқұм болған ер адамның 2023 жылы 2 мәрте әкімшілік қамауда болғаны анықталды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА