Batumi Oil Terminal LLC (100% қатысу үлесі «ҚазТрансОйл» АҚ-ға тиесілі) 2023 жылдың желтоқсан айында Батуми мұнай терминалы арқылы қазақстандық мазутты ауыстырып тиеу көлемін айына 90 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр, бұл 2023 жылдың 11 айындағы орташа айлық көлемнен 30%-ға артық, деп хабарлайды Самұрық Қазына телеграм каналы.
2023 жылғы қаңтар-қарашада Батуми мұнай терминалы арқылы қара түсті мұнай өнімдерін ауыстырып тиеудің жалпы көлемі 682 мың тоннаны құрады, оның ішінде 443 мың тоннасы Қазақстаннан шыққан мазут.
Батуми мұнай терминалының техникалық мүмкіндіктері жылына 1,5-2 миллион тоннаға дейін мазут жөнелтуге мүмкіндік береді.