
Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) нақты мәнде 4,5%-ға өскен. Бұл көрсеткіш тоғыз айдағы нәтижемен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жоғары. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Экономикалық өсімге негізгі үлесті шикізаттық емес сектор қосқан. Алдын ала бағалау бойынша, бұл сектордағы өсім 5,6%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,5%-ға артты.
Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны биылғы тоғыз айдағы 8,6%-дан он айдың қорытындысы бойынша 9,3%-ға дейін өсті.
Өңдеу өнеркәсібінде ең жоғары өсім машина жасау саласында (22,2%), фармацевтикада (50,9%), дайын металл бұйымдарын өндіруде (30,4%), химия өнеркәсібінде (21,9%), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде (18,1%), тамақ өнімдерін шығаруда (13%) және құрылыс материалдарын өндіруде (5,4%) тіркелді.
Құрылыс саласындағы өсім 13,1%, көлік және қойма шаруашылығында – 7,5%, саудада – 6,2%, ауыл шаруашылығында – 5,2%, байланыс саласында 4,9% болды.
В Атырау -2.1