Атырау, 23 қараша 09:10
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресей АҚШ пен ЕО-дан Қытай, Марокко,Түркия арқылы электроника алады

514 просмотра
Фото: Chen Binjie/Xinhua/picture alliance

Ресей Федерациясы АҚШ пен ЕО-дан Қытай, Марокко және Түркия арқылы электроника алады, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы New York Timesжариялады

Ресей санкцияларды айналып өтіп, өзіне қажетті құрал-жабдықтар мен бөлшектердің барлығын дерлік алуды жалғастыруда. Марокко мен Түркия порттарында Cisco, HP, Juniper, Ericsson және Nokia сияқты батыс компанияларының өнімдері басқа кемелерге қайта тиеліп, Ресей Федерациясына жеткізіледі.

Бұл туралы NYT ресейлік шенеуніктердің 4200 электрондық поштасының, ресейлік компания қызметкерлері арасындағы әңгімелердің жазбалары мен сауда құжаттарының ағып кетуінен білді.

Батыс елдерінен алынған тауарлар кейін ресейлік интернет-дүкендерде ашық сатылып жатыр, деп жазады басылым.

Осылайша, Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруі басталғаннан бері Nag платформасы АҚШ компанияларынан 100 миллион долларға, ал Қытайдан биылғы жылы 150 миллион долларға жоғары технологиялық өнімдер сатып алды.

20 желтоқсан 2023, 13:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.