Атырау, 26 қараша 05:19
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Асфальтқа жұмсалған миллиондар

1 221 просмотра

Жол салынғаннан кейін ақауларды жою үшін мердігерлер өз қалталарынан 418 млн теңге төледі.

Бұл туралы «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК Атырау облысы бойынша филиалының басшысы Нұрлан ЖАНТӨРИН хабарлады.

Құрылыс материалдары сапасыз болып, кепілдік мерзімі бітпей жатып-ақ бұзыла бастағандықтан, мердігерлер кемшіліктерді өз есебінен жөндеуге мәжбүр болды.

Нәтижесінде Атырау облысында барлығы 121 мың және 7 385 шаршы метр жол және асфальтбетон жабыны қайтадан жөнделді. Сондай-ақ, мердігерлер 10 текше метр темір-бетон конструкцияларын және 1167 бірлік көпір конструкцияларын жаңартты. Бұл жұмысқа олар 418 миллион 544 теңге жұмсады.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

20 желтоқсан 2023, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.