Атырау, 28 наурыз 17:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Венеция Еуропадағы туристер үшін ең қымбат қала деп аталды

980 просмотра
АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Trivago Hotel Price Index  қонақ үй тарифтері порталының талдауына қарағанда, Венеция бағаның жоғары деңгейі жөнінен көшбасшы болды. Биылғы мамыр айында Венецияда орташа есеппен бір тәулік болу 281 еуроға түседі, бұл сәуір айының бағасынан 38 пайыз қымбат. Бұл туралы ЕуроМаг сайты хабарлады.

Суда тұрған рjмантикалық қалада түнде бір қонып шығу бағасы орташа тиісінше 278, 204, 200 және 193 еуроны құрайтын Женева, Лондон, Стокгольм және Париж қалаларын шаң қаптырды. Май айындағы ,f5f туристер жақсы көретін басқа да итальяндық қалаларда шамамен мынадай болды: Флоренцияда  - 165 еуро (20 ℅ өсім), Сиенада - 129 еуро (17℅), Ал Миланда  бұл орайда 14 пайызға арзан болып, орташа есеппен бір түнге 145 еуроны құрады.

Егер басқа еуропалық қалаларға қатысты айтар болсақ, Испанияда тәулігіне 63-84 еуро маңайындағы аса қымбат емес қонақ үйлерді табуға болады (Сарагоса, Малага, Валенсия, Бильбао, Гранада). Ал Ригада бір айда баға 43 пайызға өсіп, бір түнге 100 еуроны құрады, Прагада - 148 еуро.

Дереккөз: inform.kz

17 мамыр 2013, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.