Ол «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Құрманғазы ауданы, Бөкейхан ауылының кіре берісіне орнатылды. Оған облыстық бюджеттің 14 миллион 500 мың теңгесі жұмсалған.
Бөкейхан ауылдық округінің әкімі Жүсіп ТӨРЕҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, «Dauyl Production» ЖК орнатып, тұғырдың жобасын атыраулық суретшілер Талғат пен Аян САТМАҒАНБЕТОВТЕР жасаған.
Қақпаның биіктігі 5 метр 50 сантиметр. Аркада ауылға кіре беріс жағында «Бөкейхан ауылы», ал шыға берісінде «Жолыңыз болсын!» деген жазу жазылған.
Айтпақшы, арка небәрі 12 күн ішінде орнатылған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА