Атырау, 27 ақпан 13:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.75
€ 591.96
₽ 6.52

Өрт сөндіруші атыраулық батыр Ерлан Дәулетов

1 039 рет қаралды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі атыраулық өрт сөндіруші Ерлан ДӘУЛЕТОВТЫҢ қызметтегі күнделікті жұмысын баяндап, таныстырды. 

Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау органдарында 2011 жылдан бастап қызмет етіп келеді.

Қала аумағында бірнеше рет орын алған ірі өрттер мен авариялық-құтқару жұмыстарына қатысып, батылдық пен шеберлік таныта білді.

2022 жылғы 8 қаңтар күні «Нұрсая» ықшамауданында орналасқан пәтерден түтін шығып жатырғаны жөнінде шақырту түседі. Оқиға орнына жедел жеткен кезде пәтерде өрт жанып жатқаны анықталды.

І-бөлімше дереу газ түтінінен қорғау қызметінің буынына қосылу арқылы «1 Б» оқпанын жану ошағына береді. ІІ-бөлімше, яғни Ерлан Дәулетов бөлімше командирінің бұйрығымен тыныс алу аппаратына қосылып, сол үйдің тұрғындарын таза ауаға шығарып, эвакуация жұмыстарын жүргізеді.

Өрт шыққан мезгілде 10 ересек, 9 бала түтін құрсауында қалып, өз еріктерімен сыртқа шыға алмаған.

Жеке құрамның жедел әрекеті арқасында 9 бүлдіршін құтқарылды. Сонымен қатар газ түтінінен қорғау қызметінің буын құрамында көршілес тұрған тұрғын үйге өрттің таралуына жол бермей, «Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларының» талаптарына сәйкес іс-қимыл атқарды.

13 қараша 2023, 08:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.