Оның тұрғылықты жерін тінту барысында азаматтан жалпы салмағы 282,5 келі болатын 76 бекіре тұқымдас балық тәркіленгені белгілі болды.
«Полиция департаменті Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімі және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері республика көлемінде өткізіліп жатқан «Браконьер» жедел-іздестіру іс-шарасы барысында бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз сатып-алу, сату, тасымалдап жүрген 1997 ж.т. қала тұрғынын анықтаған», деп хабарлады баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігімен («Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі, - деп атап өтті баспасөз қызметі.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА
ПД ұсынған сурет