30 қазан күні Атырау облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында қала аумағында синтетикалық есірткіні жасырын тығу әдісі арқылы сақтаған 2005 ж.т және 2006 ж.т күдіктілерді ұстады.
Тексеру кезінде 2005 ж.т ер адамнан 1 дана ақ түсті ұнтақ тәріздес заты бар және 5 дана қара изолентаға оралған ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік затымен зип-пакеттер тәркіленген. Сараптама қорытындысымен алынған заттардың 2,84 грамм синтетикалық есірткі және 3,28 грамм марихуана есірткі екені анықталды. Сондай-ақ, олардың қала аумағында 23 жерге сату мақсатында жасырын тыққан есірткілері анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта 2005 ж.т. күдікті ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынған. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.