Атырау, 23 желтоқсан 20:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Бот есірткі жарнамасымен күресуге көмектеседі

779 рет қаралды
freepik.com 

Синтетикамен күресу үшін Атырауда Telegram боты іске қосылды. Жобаға Атырау облысының ішкі саясат басқармасы бастамашы болды. 

Өңір тұрғындары енді заңсыз жарнама – есірткі граффити ілінген жердің мекенжайын немесе орналасқан жерін жолдау мүмкіндігіне ие болды. Бот арқылы хабарламалар құқық қорғау органдарына жіберіледі, олармен өз кезегінде полиция айналысады. Сондай-ақ тұрғындар түрлі есірткі қылмыстары, есірткі жасырушылардың қызметі, интернет-дүкендерде есірткі сатуға қатысты сілтемелер туралы хабарлай алады. 

Telegram боты анонимді болғандықтан, жіберушімен кері байланыс болмайды, байланысқан кезде құқық бұзушылықтың фотосуреті немесе бейнежазбасы бар файлдарды жалғау керек. 

Боттың мекенжайы: http://t.me/StopSyntheticAtyrauBot 

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

10 қараша 2023, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.