Атырау, 26 қараша 15:24
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Сарапшылар Прохазка мен Перейраның шайқасында нокаут болатынын айтты

778 просмотра

UFC 295 – те "Самурай" қатарға қайта оралуда - Иржи Прохазка Алекс Перейрамен күш сынасатын болады. Жекпе-жек әсерлі болады деп уәде етеді, өйткені екі үміткер де нокаут күшімен танымал. Нью-Йорктен жеңісті қайсысы қанжығасына байлап әкететінін сарапшылармен талқылап көрейік.

 Иржи Прохазка (29-3, 25 КО)

Rizin-дегі шайқастарымен танымал болған "Дениса" бірден UFC жұлдызына айналды. Жарқын стиль мен стандартты емес соққы техникасының арқасында чех спортшысы тез арада үздіктер қатыранан табылды - нокаутпен екі жеңістен кейін Иржи жартылай ауыр салмақтағы титул үшін жекпе-жекке ие болды. Гловер Тейшейрамен күш сынасуы да сәтті өтті: бес раундтық шайқас 2022 жылдың ең үздік жекпе-жегі атанды, Прохазка бразилиялық күресшісін гильотинамен жеңіп, октагоннан белбеуді қанжығасына байлап әкетті. Өкінішке орай, ол ауыр иық жарақатына байланысты бұл атақты босатуға мәжбүр болды - денсаулығын қалпына келтіру үшін бір жылдан астам уақыт жұмсаған.

 Иржидің бірнеше артықшылығы бар: нокаутқа жіберетін күш, стандарттан тыс шайқас техникасы. Чех жауынгерінің шабуылдарында  белгілі бір әдіс жоқ болып көрінеді, бірақ  дәлдеп көзделген соққысы өте қауіпті. Оған қоса, төзімділігі де бар: Тейшейрамен шайқаста "Дениса" жоғары қарқынмен 5 раунд бойы айқасуға дайын екенін дәлелдеді. Партерде Прохазка сасқалақтамайды, тіпті үздік греплерлермен тең дәрежеде күш сынаса алады.

 Алекс Перейра (8-2, 6 КО)

Оның қарсыласы сияқты, "Поатан" да үш жеңістен кейін титулдық жекпе-жекке ие болып, UFC үздіктерінің қатарынан бірден көрінді.  Бірақ оны Исраэль Адесаньямен араздық танымал етті: бразилиялық спортшы кикбоксингте "Стайлбендерді" екі рет жеңді. Нәтижесінде, жауынгерлер октагонда екі рет бас түйістіріп, нокаутпен алмасты. Бірақ жеңіліспен аяқталған реванш Перейраның сағын сындыра алмады: ол жартылай ауыр салмаққа ауысты, онда ол Ян Блаховичті сенімді түрде жеңіп шықты. 

Алекс кикбоксингтің техникасын жетік меңгеруімен танымал және қарсыластарын нокаутқа жіберу күші Прохазкадан кем түспейді. Бірақ чех спортшысынан айырмашылығы, "Поатан" әлдеқайда прагматикалық: ол ыңғайлы сәтті күтеді де, қарсы шабуылдармен жұмыс істейді. Кемшіліктеріне келетін болсақ, Перейра 5 раунд бойы қарқынды шайқас жүргізе алмайды, қорғанысқа сүйене отырып, партерге өтпеуге тырысады.

 Аналитика мен болжам

Екі жауынгердің де жеңіске деген мүмкіндігі бірдей, бірақ Parimatch сарапшылары Перейраны фаворит деп есептейді, бірақ коэффициент ұсынудағы үлкен артықшылықсыз – 1.72 және Прохазкаға 2.05 . "Поатанның" Блаховичті жеңуі және "Денистің" бір жылдан астам уақыт бойы ойыннан тыс қалғаны осындай көрініске әсер еткен сияқты. Алайда, Прохазканы есептен шығарудың қажеті жоқ: ол Алекске қарағанда жас және төзімді, тіпті партерде де мықтылау болып келеді.

 Бірақ әркімнің осы жекпе-жектен күтетіні - нокаут. Иржи шайқастың басынан бастап қарсыластарына қысым жасайды, ал Перейра қарсы шабуыл жасау мүмкіндігін күтеді. Осыған байланысты, талдаушылардың жекпе – жек ұзақтығы жайлы пікірлерінің қайшылығы туындап отыр:  екі раундтан аз уақытқа созылады нұсқасына 1.72, ал екі раундтан көп нұсқасына 2.00-коэффициенті ұсынылған. Қалай болғанда да, біз әсерге толы жекпе-жек тамашалайтынымыз анық.

10 қараша 2023, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.