Атырау, 26 қараша 15:34
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қайнар тұрғын үй алабынан жер телімдері беріле бастады

968 просмотра

Атырау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі Кеңөзек ауылдық округінің Қайнар тұрғын үй алабында инженерлік-инфрақұрылым жүргізу жұмыстары аяқталуына байланысты, 1999-2006 жылдары аралығында жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін өтініш білдірген азаматтарға кезектілігі бойынша жер учаскесін бөлуді бастады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

«Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін ҚР азаматтары өтініш беруі тиіс. Өтініш үш жұмыс күні ішінде сұралып отырған жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін жер учаскесі орналасқан жердегі жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға түседі. Ұсыныстарды дайындау мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнін құрайды, - деді қалалық жер қатынастары сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы Жұмабек ЖҰМАҒАЛИЕВ.

Сондай-ақ ол Кеңөзек ауылдық округі, Қайнар тұрғын үй алабынан 1999-2006 жылдары аралығында жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін өтініш білдірген азаматтар қосымша сұрақтарымен Сәтпаев көшесі, 5 мекенжайында орналасқан Атырау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне жұмыс күндері сағат 9.00-18.00 аралығында хабарласа алатындарын жеткізді. Айта кетейік, аталған ауылдық округтен тұрғын үй салу үшін 618 жер телімі бөлініп отыр. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

11 қараша 2023, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.