Облысымызда жыл басынан бері 300-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Апаттың көбі жылдамдықты асыру, қарсы бағытқа шығу, маневр жасау ережелерін сақтамау салдарынан болған.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, жыл басынан бері көлік апатынан 90 адам көз жұмып, 412 адам әртүрлі дене жарақатын алды.
Осыған орай, патрульдік полицейлер жол-көлік апаты құрбандарын еске алу күні қарсаңында қаламызда орналасқан саябақтарда көшет отырғызды.
"Жүргізушілер мен жолаушылар жолдың қателікті кешірмейтінін, әрбір қателік адам өміріне қауіп төндіретінін ұмытпауы қажет",- деп атап өтті тәртіп сақшылары.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ПД парақшасынан алынған видеодан скриншот