Атырау, 28 қыркүйек 04:17
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Исатай ауданына жаңа әкімін таныстырды

892 просмотра

Бүгін облыс әкімінің міндетін атқарушы Қайрат НҰРТАЕВ 5 қарашада өткен аудан әкімінің  тікелей сайлауы нәтижесінде сайланған Исатай ауданының жаңа әкімі Нұрым МУСИНДІ аудан активіне таныстырды.

Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Қабыл ҒҰБАШЕВ сайлау қорытындысын жариялап, жаңадан сайланған аудан әкіміне тиісті куәлікті табыс етті.

Нұрым  Мусин Исатай ауданында дүниеге келген. Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетін «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолы: 2002 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Исатай аудандық филиалында ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етуші маман; 2004 жылдың тамыз-желтоқсан айларында Аққыстау селолық округінде  маман, жетекші маман; 2004-2006 жылдар аралығында Исатай аудандық қазынашылық басқармасында жетекші маман, бас маман;

2006-2009 жылдар аралығында Исатай аудандық құрылыс бөлімінде бас маман-есепші; 2009-2011 жылдар аралығында Исатай ауданы әкімінің көмекшісі; 2011-2015 жылдар аралығында Исатай ауданы әкімі аппаратының басшысы; 2015-2016 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясы Исатай аудандық филиалында кеңесші;

2016-2018 жылдар аралығында   «Атамекен» ҰКП Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы Исатай аудандық филиалында менеджер-кеңесші; 2018-2022 жылдар аралығында Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы Исатай аудандық филиалының директоры;

2022 жылдың қыркүйек айынан 2023 сәуір айы аралығында «AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалының атқарушы хатшысы, филиал төрағасы;

2023 жылдың сәуір айынан тағайындалғанға дейін Исатай аудандық мәслихатының төрағасы қызметінде болды. Сонымен қатар, Қайрат Нұртаев өңірдегі үш жыл қызметінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқаны үшін Полымбет ХАСАНОВТЫҢ жемісті еңбегіне ризашылығын білдірді. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

9 қараша 2023, 20:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.