Атырау, 23 желтоқсан 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Б.Ізмұхамбетов: «Мұнай-газ саласындағы электр қуатының тапшылығын жою қажет»

Бейнежазба
758 рет қаралды
Бейнежазбадан алынған скриншот

Мәжіліс депутаты Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман СКЛЯРҒА депутаттық сауал жолдады.

 «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ өз сауалында мұнай-газ саласының өзекті мәселелерін, атап айтқанда, Маңғыстау және Атырау облыстарындағы электр қуатының тапшылығын шешу қажеттігін айтты. Еске салайық, 2023 жылдың 3 шілдесінде МАЭК-тегі блоктың тоқтауы Атырау мұнай өңдеу зауытындағы апатқа әкеліп, бүкіл өңір үшін ауыр зардаптарға соқтырған болатын.

Сауал соңында депутат Роман Склярға «Светланд-Ойл» ЖШС-ін Атырау мұнай өңдеу зауыты үшін электр энергиясын өндіру және сату бойынша әлеуетті инвесторлар тізіміне қосуды ұсынды. 

Айта кетейік, «Светланд-Ойл» ЖШС бас директоры - облыстық мәслихаттың депутаты, «Amanat» партиясы Атырау облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі Жеңіс ӘБІЛҚАРЕС

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

9 қараша 2023, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.