«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау облыстық филиалы Астрахань тас жолында шұңқырлар бар деген жұртшылықтың шағымына қарсы өз пікірін білдірді.
«ҚазАвтоЖол» өкілдерінің айтуынша, жолдың әлеуметтік желіде тілге тиек болған бөлігі шын мәнінде Астрахань тас жолы емес екен. Бұл ІІІ техникалық санатқа жататын республикалық маңызы бар А-27 «Ақтөбе – Атырау» жолы, «Қандыағаш – Мақат» учаскесі, жолдың 468-487 шақырымы.
«Бұл учаскеде 2015 жылға дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталмай қалды. Ол жерде қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында кедір-бұдырлы қабатты өңдеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт-бетон қабаттары төселіп, жол жиектерін салу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінде мердігер анықталған кемшіліктерді жоюда.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты бұл жолдың Астрахань трассасына жатпайтынын және онда қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатпағанын хабарлаймыз. Интернет-ресурстардағы ақпарат нақты емес».
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
«ҚазАвтоЖол» ұсынған сурет