Атырау әкімдігі Қайнар тұрғын үй алабына инженерлік–инфрақұрылымы жүргізу жұмыстарын аяқтайды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Кеңөзек ауылдық округінің Қайнар тұрғын үй алабына жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін берілген жер телімдеріне электр желісі, су құбыры, газ желісін жүргізу жұмыстары аяқталды.
Осыған байланысты, 1999 – 2006 жылдары аралығында кезекке тұрған қала тұрғындары жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне: Сәтпаев даңғылы, №5 үй, жұмыс күндері сағат 9:00-18:30 дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-14:30) хабарласуы керек.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ