7 қараша Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Балық шаруашылығы бөлімі мамандары Жамбыл ауылы тұсында белгісіз адамдардың Жайық өзенінен заңсыз балық аулап тұрғанын байқап қалған.
Алайда инспекторлар жақындағанда браконьерлер қашып кеткен. Аталған аумақтан 13 ау құралы және жыңғыл ішіне жасырылған 11 полиэтилен қапшыққа салынған қара балық табылған. Жалпы балық салмағы 750 кг, залал мөлшері 1 млн 552 мың теңгеге бағаланды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Бассейндік инспекция жолдаған сурет