Индербор кентіне кіреберіс 7 км жолдың ұзаққа созылған жөндеу жұмыстары жергілікті тұрғындарды алаңдатып отыр.
- Мына шұрқ-тесік жолды кесіп тастады, жасалмай жатқанына бір айдай болды, - дейді Елтай ауылының тұрғыны Нұрымғали ІЗМАҒАМБЕТОВ. - Бұл жолмен жүру өте қауіпті, көлігіміздің дөңгелегі шұңқырға түсіп кетіп жатыр, көлігіміз бүлініп болды. Суық түсіп, қар жауып, тайғақ болса, не болатынын ойлап көріңіз. Жол салушылар асықпаса, жүргізушілер апатты жағдайға ұшырауы мүмкін.
«АЖ» комментарий алу үшін Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Әлібек МҰХАМБЕТАЛИЕВҚА жүгінді:
- Жолдарды жөндеуге үш рет конкурс жарияладық. Бірақ ниет білдіргендер болмады. Енді «Аслим 2008» ЖШС өз демеушілігімен жөндеп беруге келісіп отыр. Жөндеу жұмысын он күнге жетпей бітіретін болады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттерді түсірген автор