7 қараша күні сағат 22:00 шамасында Махамбет Өтемісұлы және Сырым Датов көше қиылысында мопед көлік құралы мен Лада Гранта маркалы автокөлігі соқтығысып, жол апаты орын алды, деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаменті.
Көлік апаты салдарынан 1993 ж.т мопед көлік құралының жүргізушісі жедел-жәрдем көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, екі көлікке материалдық шығын келген. Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ