Із-түссіз жоғалып кеткеннен кейін екі айдан соң психикалық дерті бар ер адамды полицейлер даладан тапты.
Еске салсақ, екі ай бұрын Индер ауданы Есбол ауылында ер адам жоғалып кеткен еді. Белгілі болғандай, психикасы бұзылған ер адам адамдардан, өтіп бара жатқан көліктерден қорқып, ауыл маңындағы егістік алқабында олардан жасырынып қалып жүрген. Күннің суығы әсер етті ме, бұл жолы қаша алмады. Жергілікті учаскелік инспекторлар ер адамды танып, үйіне анасына әкелді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА