Исатай ауданының Қызыл үй және Жасқайрат елді мекендерінде орталықтандырылған газбен жабдықтау құрылысы аяқталып, іске қосылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Жоба Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығымен іске асырылса, бас мердігер мекеме - «Байсын-А» ЖШС.
- Қызыл үй, Жасқайрат ауылдарын газбен жабдықтау жұмыстары 2021 жылдың қыркүйек айында басталған болатын. Жалпы ұзындығы 104,3 шақырым газ құбыры төселді. Сәйкесінше 500-ге жуық ауыл тұрғындары көгілдір отынның қызығын көретін болады, - деді Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдулат КЕНЖЕБЕКОВ.
Бүгінде Атырау облысы халқының газбен қамтылу деңгейі 99,8 % жетіп отыр.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттерді ӨКҚ ұсынды