Атырау, 26 қараша 15:22
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жемқорлыққа қарсы волонтерлер ауруханалардағы асханалардың талаптарға сәйкес келмейтінін анықтады

601 просмотра
Фото: gov.kz 

Бұл туралы волонтерлердің "Әділдік жолы" РҚБ Атырау филиалымен бірлесіп ауруханаларға жүргізген мониторинг барысында белгілі болды.

Мониторинг облыстық балалар ауруханасы, психикалық денсаулық орталығы және онкологиялық диспансерінде жүргізіліп, келесідей кемшіліктер анықталды: тамақ өнімдерін пайдаланудың басталуы туралы таңбалау жоқ, дайындалған тамақ өнімдерінің әрбір партиясынан тәуліктік сынама алынбаған, мәзір денсаулық сақтау ұйымы басшысымен бекітілмеген, сондай-ақ, көкөністерді сақтау шарттары сақталмаған (картоп пен жуа жерде жатқан).

Мұның бәрі ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейді.

Бұдан басқа, облыстық психикалық денсаулық орталығында ет (сиыр еті) жоқ, ал мемлекеттік сатып алу порталының деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың наурыз айында 3 612 000 теңге сомасына 1500 кг ет сатып алынды және ағымдағы жылдың қазан айында 2 268 000 теңге сомасына тағы 1200 кг ет сатып алу туралы шарт жасалды.

Сондай-ақ, мониторинг кезінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жерде тамақ дайындалуы анықталды. Ғимаратты бұзып, қызметкерлер мен науқастарды басқа ұйымға ауыстыру туралы тұрақты уәделерден шаршаған басшылықтың айтуынша, жөндеу - бұл мәжбүрлі шара.

Денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері анықталған фактілерді  ғимараттың тозғанымен түсіндірді.

Айта кету керек, бүгінде осы орталықта 120-ға жуық науқас стационарлық емделуде.

Мониторинг қорытындысы бойынша волонтерлер Денсаулық сақтау ұйымының басшыларына анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізді.

Мысалы, еріктілер дайын тағамды тығыз жабылатын ыдыстарды пайдаланып тасымалдауды ұсынды. Қазіргі уақытта ұйымдар қақпағы бар эмальданған шелектерді пайдаланады.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 қараша 2023, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.