Чемпиондар лигасының төртінші туры барынша күш-жігерді салып шайқасуды талап етеді. Өйткені, дәл осы тур, командалар топқа қалай орналасатынын шешеді. "Милан" мен "ПСЖ" мықтылар квартетіне түскенін ескере отырып, олар матчқа барын салып шайқасатыны анық.
8-қараша
Астана уақыты бойынша 2:00
"Сан-Сиро", Милан
“Милан”
Егер "қызыл-қараларға" байланысты сөздерді тізімдесеңіз, онда "тұрақтылық" деген сөздерді таба алмайсыз. Стефано Пиолидің командасы "Наполиді" ойсыратуы мүмкін, бірақ қорытындысында екеуін өткізіп, "Лациоға" мүмкіндік қалдырмайды немесе Оливье Джирудың керемет қақпашы екенін көрсетеді. Немесе ішті пыстырып, үмітсіз "Удинезге" жол беруі мүмкін. "Пари Сен-Жерменмен" алғашқы матчта біз "Миланның" көлеңкелі тұсын байқадық: бірінші таймның мықты ойынмен басталуы және соңындағы үмітсіз 0:3 ойын есебін көруге болады.
"Миланның" Чемпиондар лигасына дайындығы мәз емес, оған қоса команда шығындары да бар. "ПСЖ"-мен шайқасқа ұзақ уақыт бойы лазаретте жатқан Кальдара, Бенассерден басқа, даниялық қорғаушы Симон Кьер қатыса алмайды. Әрине,"россонери" алаңға барынша жиналып, жеңіске деген үмітпен шығады, бірақ сарапшыларды алдай алмайды-итальяндықтардың жеңіске жету коэффициенті 3.00-ге теңестірілген.
"Миланның" соңғы матчтары (1-1-3)
А сериясы. "Милан" - "Удинезе" 0:1
А сериясы. "Наполи" - "Милан" 2:2
ЧЛ. "ПСЖ" - "Милан" 3:0
А сериясы. "Милан" - "Ювентус" 0:1
А сериясы. "Дженоа" - "Милан" 0:1
“ПСЖ”
"ПСЖ" — үш ұпай шығаратын үздіксіз конвейер деп айтуға келмейді. Расымен, Луис Энрикенің шәкірттері Лига 1-дегі командалар арасында көшбасшы болып тұрғанымен, париждік жанкүйерлердің жүйке жасушалары тозып бітті. "ПСЖ" "Бресттен" жеңісті уысынан жіберіп ала жаздады және "Ньюкаслмен" өткен шайқаста да көрмеген қорлығы болмады.
Алдағы ойынға келетін болсақ, "Сан-Сирода" Джанлуиджи Доннаруммаға өте ыстық. Итальяндықтар "Миланға" мәңгілік сүйіспеншілікпен ант берген кипердің жанжалмен Парижге кеткенін есіне алады. Егер Джиджи жарақат алса немесе қызыл карточка алса, оны "ПСЖ" төртінші немесе бесінші (!) қақпашысы ауыстырады - ардагер ойыншы Александр Летелье немесе жас испандық спортшы Арнау Тенас. Кейлор Навас жарақат алды, Серхио Рико аттан құлаған соң әлі күнге дейін кейін десаулығын қалпына келтіруде. Сондай-ақ, Преснел Кимпембе, Марко Асенсио және Данилу ойыннан тыс қалды. Дегенмен, сарапшылар париждіктердің жеңісіне 2.35 коэффициентін ұсынып отыр.
"ПСЖ"-ның соңғы матчтары (5-0-0)
Лига 1. "ПСЖ" - "Монпелье" 3:0
Лига 1. "Брест" - "ПСЖ" 2:3
ЧЛ. "ПСЖ" - "Милан" 3:0
Лига 1. "ПСЖ" - "Страсбур" 3:0
Лига 1. "Ренн" - "ПСЖ" 1:3
Жеке кездесулері
Еурокубоктарда командалар сирек бас қосқан. Екі апта бұрынғы матчтан басқа, миландықтар мен париждіктердің соңғы ресми кездесуі 2001 жылы болып, 1:1 есебімен аяқталған.
"Милан" - " ПСЖ " матчын қайдан тамашалауға болады
Бұл шайқасты Kazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Болжам
"Париж" жеңіске сақадай сай дайын, ал "Миланның" қорғанысы айтуға тұрарлықтай мықты болып көрінбейді. Сондықтан "тотал 2,5-тен жоғары" нұсқасына ұсынылған 1.77 коэффициентіне назар аударғаныңыз жөн.