Атырау, 26 қараша 17:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстанның ең «бай» және «кедей» өңірлері арасында жалақы айырмашылығы күрт өсті

372 просмотра

2023 жылдың үшінші тоқсанында орташа жалақы Қазақстанның бір ғана өңірінде – Атырау облысында өсті. Аймақта орташа жалақы көлемі 600 мың теңгеден асты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросы сарапшылары атап өткендей, 2023 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейінгі кезең қорытындысы бойынша Атырау облысында қазақстандықтардың жалақысы елдегі орташа көрсеткіштен 1,7 есе жоғары болды. Екінші тоқсандағы өсім – 5,1%, ал инфляцияны ескергенде 3,6%-ды құрады.

Теріс көрсеткіштерге келетін болсақ, үшінші тоқсанда айтарлықтай құлдырау жалақы мөлшері ең төмен аймақ – Түркістан облысында тіркелді. Онда орташа еңбекақы шамамен 248,9 мың теңгені құрайды, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,4 есе төмен. Бұл ретте, үш айда құлдырау 16,8%, ал инфляцияны ескере отырып – 17,8% құрады.

Қазақстанның ең "бай" өңірінде орташа жалақы өсіп, ең "кедей" өңірде айтарлықтай төмендегені белгілі болды. Енді ауқатты аймақтағы жалақы айырмашылығы тұрмысы төмен өңірден 2,42 есе көп.

Айта кетейік, қазақстандықтардың 90%-ының жан басына шаққандағы табысы 151 мың теңгеден аспайды.

Бұдан бұрын елімізде 355 мыңнан астам бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатқаны хабарланған.

Қазақстан инфляция деңгейі жөнінен ЕАЭО елдерінен алда тұр. Мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бағаның жылдық өсуі 14,6 пайызды құрады. Ал Қырғызстанда небәрі 10,5 пайыз.

Жуырда депутат Мәди Тәкиев қазақстандықтардың жалақысының күнделікті қажеттіліктерінен артылмайтынын мәлімдеген.

Ал оның әріптесі Елнұр Бейсенбаев халықтың орташа табысы мен қымбатшылық жайлы ресми статистика шындыққа сай келмейтінін айтты.

6 қараша 2023, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.