Атырау, 23 желтоқсан 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Тұрғын үй кешенінің құжаты жоқ

711 рет қаралды

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Әди Шәріпов көшесі, 6 мекенжайында салынып жатқан «Көпқабатты тұрғын үй кешені «Lagoon park» тапсырыс берушіге қатысты жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру нәтижесі бойынша:

  • аталған құрылысқа мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынбағаны,
  • техникалық және авторлық қадағалаусыз құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілгені,
  • құрылыс –монтаждау жұмыстарының басталғандығы жөнінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына хабарлама жолданбағаны анықталды.

Басқарма тарапынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айыппұлдар салынып, рұқсат құжаттарын жасақтау қажеттілігі туралы және құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату бойынша нұсқама берілді.

6 қараша 2023, 21:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.