Атырау, 26 қараша 17:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырау қаласының бұрынғы әкімі Мейірім​ Қалауи «Атырау облысы Су Арнасы» КМК басшысы болып тағайындалды

1 065 просмотра

Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдулат КЕНЖЕБЕКОВТЫҢ бұйрығымен 2023 жылғы 6 қарашадан бастап Мейірім ҚАЛАУИ (суретте сол жақта) «Атырау облысы су арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Мейірім Қалауи 1985 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 2006 жылы Атырау мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2010 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2006-2007 жылдары «Атырау-Ақпарат» КМК бастады. 2010-2011 жылдары «Тұран» ЖШС директоры, «Қазақстан» РТРК Атырау облыстық филиалында директордың орынбасары — бас редактор қызметтерін атқарған. 2011-2012 жылдары «Атырау-Ақпарат» КМК директоры болған.

2012-2016 жылдары Атырау облысының Жастар ісі жөніндегі басқармасын басқарды. 2016-2019 жылдары облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, Атырау әкімінің орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді. 2019 жылдан 2021 жылдың шілде айына дейін Индер ауданының әкімі болды. 2021 жылдың шілде айынан бастап 2022 жылдың наурызына дейін - Атырау облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 

2022 жылғы наурыздан 2023 жылғы шілдеге дейін – Атырау қаласының әкімі лауазымын атқарды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
6 қараша 2023, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.