Атырау, 26 қараша 15:24
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Әминаға қол ұшын берейік

Сурет Бейнежазба
869 просмотра

Атырауда туабітті «спина бифида» (жұлын жарығы) диагнозымен дүниге келген 6 айлық Әминаның анасы сәбиіне шетелде ота жасату үшін атыраулықтардан материалдық көмек сұрайды.

26 жастағы Айнұр БІРЖАН Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылының тумасы, үш баланың анасы. Бүгінде отбасы Атырау қаласы, Ақсай ауылында тұрады.

- Кенжем Әмина биыл 9 мамырда өмірге келді. Жүктілік кезінде 3 рет түскен УЗИ нәтижелерінде сәбиімде ешқандай ауру белгілері анықталмаған еді. Бала дүниеге келгенде дәрігерлер липомиеломенингоцеле деген диагноз қойды. Баланың омыртқасы дұрыс жетілмей қалған, жұлын қысылып омыртқадан бөлек сыртқа шығып жатыр. Қазіргі кезде беліндегі ісігі күннен күнге үлкейіп, баланың нерв жүйесіне әсер етуде, - дейді А. Біржан.

Айнұр еліміздің барлық медицина орталықтарына байланысқа шыққан. Дәрігерлер бұл ауруға ота жасалмаса, өмір бойы арбаға таңылады, алайда біз ота жасағаннан кейін сәбидің денсаулығы жақсаратынына кепілдік бере алмаймыз деп ашық айтқан.  

Анасының айтуынша, қазіргі кезде сәбиде басының өсуі (гидроцефалия), аяғының козғалмай қалуы, табандарының сіңірі тартылып қалуы секілді қосалқы аурулар қосылып келеді.

- Баласына осындай диагноз қойылған басқа өңірдегі ата-аналармен де байланыстамын. Қаражаты жеткендер Израил елінде ота жасатып, сәбиін аяқтан тұрғызып әкеліп жатыр. Жақында оралдық ата-ана Израилға барып, қазір қызының беті бері қарап, аяғына мініп шауып жүр. Бірақ ол жақта ота жасау 34 миллион теңге қаражатты қажет етіп отыр. Біз секілді қарапайым отбасыға бұл қиынға соғуда, - дейді Айнұр.

Айнұр осындай диагнозды емдеп жатқан израилдық профессор Шимоном Рочиндпен Skype арқылы байланысып, ол балаға ота жасалмаса, үлкен-кіші дәретін сезбей қалуы, аяғының қозғалмай қалуы, басының өсіп кетуі секілді жағдайлар болатынын ескерткен.

- Отаға дайындау және екі ота жасау барлығы 1,5 ай уақытты алады. Профессор отадан кейін толық жазылып шығатынына кепілдік беріп отыр. Балаларына Қазақстанда осындай ота жасалған ата-аналармен де сөйлестім. Нәтижелері көңіл көншітпейді.

Айнұр баланы шетелде емдетуге квота алу бойынша «Аманат» депутаттарының қабылдауына да барған. Демеушілік қаражаттар іздеуге көмектесетінін айтқан.

- Қайырымды жандардың, қайырымдылық турнир, жәрмеңкелер арқасында қазір 10 млн теңге жиналды. Бірақ бұл жеткіліксіз. Тағы 24 млн қажет. Көп түкірсе көл дегендей, кызымның болашағы үшін қазақ елінен көмек сұраймын.  Әминамның аяғынан тұрып кетуіне, бақытты балалық шаққа жетуіне қол ұшын берсеңіздер екен. Әр тиын маңызды. Рақмет сіздерге!

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

Рекивизиті  87713928096 Айнур.Б

Халык банк 4405639770399564

Каспий реквизиті 4400430053893068

7 қараша 2023, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.